Источник данных о погоде: Алматы 30 күндік ауа райы

Бешпармак. Инженер толғанысы. Алғысөз

|

|

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болғанына 30 жыл толса да, халқымыз өзінің терең тарихына әлі де бойлай алмай, үстірт қана шалып жүргенін мойындау керек. Еліміздегі мектеп оқулықтары мен академиялық еңбектерді оқығанда, біз тым шектеулі білімді қанағат етуге мәжбүрміз, оның өзі – ғалымдарымыз бөтен тарихнамалардан рұқсат етілген дәрежеде үзіп-жұлып жиған мардымсыз мағлұматтар.

Өздерінің ұлттық идеологияларына сай ойдан шебер құрастырылған шетелдік «дереккөздерде» көшпелі түркі өркениеті туралы тым аз әмбе өте сыйықсыз мәнде айтылады, соған қарап, әдейі біржақты, теріс жазылған-ау деген күдік туындайды.

Дегенмен, көшпенділердің адамзат дамуына қосқан зор үлесін паш ететін көзге көрнекі айғақтар айналамызда тұнып тұр, олардың құндылығы – мәңгілігінде, сондықтан, Олжас Сүлейменовтің сөзімен айтқанда: «… оларды, Дін мен Саясаттың ығына жығылып, әлдебір шежіре сияқты, өңін айналдырып, қайта жазу мүмкін емес».

Сондай бұрмалауға келмейтін тарихи жәдігердің бірі қазақтың ұлттық тағамы дәстүрлі Бешпармақ деп санаймын, осы пікірімді дәйектеу үшін, мен нақты инженерлік ғылымдарға тән әдіспен болған оқиғаларды егжей-тегжейлі талдау арқылы Бешпармақтың шығу тарихын қарастырамын.

«Ұлы оқиға атаулының әманда

екінші жағы –

ешқашан айтылмайтын

ұлы астары болады».

Марат Сембі, этнограф

 

Қазақтардың бейтаныс адамдарға жайылып түсетін қонақжайлығы мен жомарттығы, кеңпейілдігі мен ақкөңіл сенгіштігі «жер бетіндегі барша адам бір-біріне туыс» дегенге саятын ата-бабадан мұралаған түйсігінде жатыр деп ойлаймын.

Сірә, мыңдаған жылдар бойы ұлан-ғайыр атырапта мал баққан көшпенділер жануарлар мен адам тұқымының таралуына кеңістік тұрғысында да, уақыт жағынан да шектеу бар деп білмеген, содан да дүниедегі күллі халықтардың өзара туыстығына шәк келтірмеген сыңайлы.

Қазақтардың көлденең көк аттымен туыс болып шыға келетін, айдаладағы географиялық нысандар мен елдердің атауларына өздерінің қатыстылығын дәлелдей қоятын қасиеті күлкі шақырып, талай анекдотқа арқау болғанымен, біраз уақыттан бері өте салмақты ғылыми негізге ие болған жайы бар.

2004-жылы АҚШ Ұлттық Географиялық Қоғамы (National Geographic Society) «Генетикалық география» (Geno Geography) деп аталатын халықаралық ғылыми жобаны сәтімен жүзеге асырды. Ғалымдар бүкіл дүние жүзі бойынша 2400 абориген халық өкілдерінің ДНҚ үлгілерін жинап, олардың өзара ұқсастығына қарап, адамның алғаш дүниеге келген орны мен жер шарына таралу жолын анықтады.

Шамамен 2 000 000 жыл бұрын экваторлық Африкада қалыптасқан Homo Sapiens өзінің мекенін, тіршілік аймағын кеңейтуге білек сыбана кіріскені анықталды. Осы Қара континенттің батысына, шығысы мен оңтүстігіне тарала қоныстанған адам, көп ұзамай, өткел бермес Атлант және Үнді мұхиттарына кеп тірелді. Сөйтіп, саны артып, көбейіп келе жатқан адамзат жаңа жерлерді жайлау үшін, ары қарай бір ғана құрлық жолымен жылжи алатын еді, ол жол – солтүстікке қарай молынан шегінген мұздықтардың соңынан жүріп отырып, Араб түбегі арқылы Еуразияға өту. Шамамен 50 000 жыл бұрын саналы адам Орталық Азияға жетті, міне, осы жерде, қазіргі Қазақстан аумағында, Арал теңізінің батысына қарай, адамзаттың көші-қон жолында Т әрпі түріндегі жол айырық пайда болды.

АДАМЗАТТЫҢ ЖЕР БЕТІНЕ ТАРАЛЫП, ҚОНЫСТАНУ ЖОЛЫ

Өйткені, осы тұсқа келгенде, шегініп бара жатқан мұздықтар тоқтап қалды да, солтүстікке қарайғы жолды өте ұзақ уақытқа бөгеп тастады, сондықтан, адамзаттың бір бөлігі Батысқа жылжып, 20 000 жылдан кейін бүкіл Еуропаны жайлады, ал, басқа бөлігі Шығысқа, одан әрі Оңтүстік-Шығыс Азияға бет алды. Ең жігерлі адамдар Беринг бұғазын кесіп өтіп, 30 000 жыл бойы біртіндеп Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Американы игерді. Ал, жалқауланып, Орталық Азияда қалғандар, уақыт өте келе, қазіргі қазақтарға айналды.

Құрметті оқырман, біздің Қазақстанымыз адамзаттың жер бетімен көшіп-қонуы жолындағы ең маңызды торап екенін сезінген көңілге майдай жағады, десем, келісетін шығарсыз?! Иә, отандастар, бұны мақтан тұтайық!

Енді «Генетикалық география» жобасының дау тудырмайтын ғылыми нәтижелерінің арқасында, қазақтар кез-келген байырғы еуропалық пен қуқыл жүзді американдықты, қытайлықты, кәрісті, жапонды, бүкіл Сібір, Солтүстік пен Аляска тұрғындарын, сондай-ақ, Майя, Ацтек және Инк өркениеттерінің ұрпақтарын жолықтырғанда, олардың тұқымында ең арғы африкалық әжесінің ғана емес, қазақ дейтін түп атасының да қаны қалайда бар екенін батыл түрде мәлім ете алады!

Осы ғылыми зерттеудің негізінде, жоғарыда аталған Жер тұрғындарының 80%-дан астам өкілдеріне «бауырым» және «қарындас» деп тіл қатып, еркелете басынан сипауымызға болады. Ал, енді, қара тәнді африкалықтар мен афроамерикалықтарға, арабтарға, еврейлерге, ирандықтарға, пәкістандықтар мен үндістерге біз, тіптен, «аға» және «әпке» деп құрмет білдіріп, қос қолдап амандасып, дастарханның төріне жайғастыруға тиіспіз, осыны ұмытпаңыздар.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Поделиться:

Читать далее:
Related

Венгерский пример для Казахстана

Венгрия – это в каком-то смысле геополитический антипод Казахстана. Пока Астана демонстрирует высший пилотаж многовекторности, у Будапешта давно выработана стратегическая линия, которой он последовательно придерживается. Поэтому если Акорда в тех или иных вопросах импровизирует либо «отмораживается», у венгерского политического руководства всегда полно домашних заготовок на вопросы от «чей Крым?» до «чья Гренландия?».

Изящно, Владимир Владимирович!

Изящный ответ. В начале – благодарность президенту США за его мирные усилия, с изящно косвенным упоминанием неприятного Трампу БРИКС, через перечисление его лидеров. Которые тоже прилагают усилия к урегулированию Украинского конфликта.

Мухтар Джакишев: Государство, служи!

Спасибо каналу «Гиперборей» и основателю бизнес-клуба «Парасат» за великолепный учебный материал. Для разбора сразу на факультетах экономики и психологии.

Вопрос Палестины — это не религиозный вопрос. Подкаст с Риа Абу Эль-Ассалем

В гостях подкаста «Поговорим» епископ Риа Абу Эль-Ассаль. В чем причины конфликта в Палестине? Почему палестинский конфликт не религиозный? Что нужно сделать для разрешения конфликта?