Автор Дәурен УӘЛИЕВ — статьи и аналитика | Eurasia24

Бешпармак. Инженер толғанысы. Алғысөз
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болғанына 30 жыл толса да, халқымыз өзінің терең тарихына әлі де бойлай алмай, үстірт қана шалып жүргенін мойындау керек. Еліміздегі мектеп оқулықтары мен академиялық еңбектерді оқығанда, біз тым шектеулі білімді қанағат етуге мәжбүрміз, оның өзі – ғалымдарымыз бөтен тарихнамалардан рұқсат етілген дәрежеде үзіп-жұлып жиған мардымсыз мағлұматтар.

Өздерінің ұлттық идеологияларына сай ойдан шебер құрастырылған шетелдік «дереккөздерде» көшпелі түркі өркениеті туралы тым аз әмбе өте сыйықсыз мәнде айтылады, соған қарап, әдейі біржақты, теріс жазылған-ау деген күдік туындайды.

Дегенмен, көшпенділердің адамзат дамуына қосқан зор үлесін паш ететін көзге көрнекі айғақтар айналамызда тұнып тұр, олардың құндылығы – мәңгілігінде, сондықтан, Олжас Сүлейменовтің сөзімен айтқанда: «… оларды, Дін мен Саясаттың ығына жығылып, әлдебір шежіре сияқты, өңін айналдырып, қайта жазу мүмкін емес».

Сондай бұрмалауға келмейтін тарихи жәдігердің бірі қазақтың ұлттық тағамы дәстүрлі Бешпармақ деп санаймын, осы пікірімді дәйектеу үшін, мен нақты инженерлік ғылымдарға тән әдіспен болған оқиғаларды егжей-тегжейлі талдау арқылы Бешпармақтың шығу тарихын қарастырамын.

«Ұлы оқиға атаулының әманда

екінші жағы –

ешқашан айтылмайтын

ұлы астары болады».

Марат Сембі, этнограф

Қазақтардың бейтаныс адамдарға жайылып түсетін қонақжайлығы мен жомарттығы, кеңпейілдігі мен ақкөңіл сенгіштігі «жер бетіндегі барша адам бір-біріне туыс» дегенге саятын ата-бабадан мұралаған түйсігінде жатыр деп ойлаймын.

Сірә, мыңдаған жылдар бойы ұлан-ғайыр атырапта мал баққан көшпенділер жануарлар мен адам тұқымының таралуына кеңістік тұрғысында да, уақыт жағынан да шектеу бар деп білмеген, содан да дүниедегі күллі халықтардың өзара туыстығына шәк келтірмеген сыңайлы.

Қазақтардың көлденең көк аттымен туыс болып шыға келетін, айдаладағы географиялық нысандар мен елдердің атауларына өздерінің қатыстылығын дәлелдей қоятын қасиеті күлкі шақырып, талай анекдотқа арқау болғанымен, біраз уақыттан бері өте салмақты ғылыми негізге ие болған жайы бар.

2004-жылы АҚШ Ұлттық Географиялық Қоғамы (National Geographic Society) «Генетикалық география» (Geno Geography) деп аталатын халықаралық ғылыми жобаны сәтімен жүзеге асырды. Ғалымдар бүкіл дүние жүзі бойынша 2400 абориген халық өкілдерінің ДНҚ үлгілерін жинап, олардың өзара ұқсастығына қарап, адамның алғаш дүниеге келген орны мен жер шарына таралу жолын анықтады.

Шамамен 2 000 000 жыл бұрын экваторлық Африкада қалыптасқан Homo Sapiens өзінің мекенін, тіршілік аймағын кеңейтуге білек сыбана кіріскені анықталды. Осы Қара континенттің батысына, шығысы мен оңтүстігіне тарала қоныстанған адам, көп ұзамай, өткел бермес Атлант және Үнді мұхиттарына кеп тірелді. Сөйтіп, саны артып, көбейіп келе жатқан адамзат жаңа жерлерді жайлау үшін, ары қарай бір ғана құрлық жолымен жылжи алатын еді, ол жол – солтүстікке қарай молынан шегінген мұздықтардың соңынан жүріп отырып, Араб түбегі арқылы Еуразияға өту. Шамамен 50 000 жыл бұрын саналы адам Орталық Азияға жетті, міне, осы жерде, қазіргі Қазақстан аумағында, Арал теңізінің батысына қарай, адамзаттың көші-қон жолында Т әрпі түріндегі жол айырық пайда болды.

АДАМЗАТТЫҢ ЖЕР БЕТІНЕ ТАРАЛЫП, ҚОНЫСТАНУ ЖОЛЫ

Өйткені, осы тұсқа келгенде, шегініп бара жатқан мұздықтар тоқтап қалды да, солтүстікке қарайғы жолды өте ұзақ уақытқа бөгеп тастады, сондықтан, адамзаттың бір бөлігі Батысқа жылжып, 20 000 жылдан кейін бүкіл Еуропаны жайлады, ал, басқа бөлігі Шығысқа, одан әрі Оңтүстік-Шығыс Азияға бет алды. Ең жігерлі адамдар Беринг бұғазын кесіп өтіп, 30 000 жыл бойы біртіндеп Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Американы игерді. Ал, жалқауланып, Орталық Азияда қалғандар, уақыт өте келе, қазіргі қазақтарға айналды.

Құрметті оқырман, біздің Қазақстанымыз адамзаттың жер бетімен көшіп-қонуы жолындағы ең маңызды торап екенін сезінген көңілге майдай жағады, десем, келісетін шығарсыз?! Иә, отандастар, бұны мақтан тұтайық!

Енді «Генетикалық география» жобасының дау тудырмайтын ғылыми нәтижелерінің арқасында, қазақтар кез-келген байырғы еуропалық пен қуқыл жүзді американдықты, қытайлықты, кәрісті, жапонды, бүкіл Сібір, Солтүстік пен Аляска тұрғындарын, сондай-ақ, Майя, Ацтек және Инк өркениеттерінің ұрпақтарын жолықтырғанда, олардың тұқымында ең арғы африкалық әжесінің ғана емес, қазақ дейтін түп атасының да қаны қалайда бар екенін батыл түрде мәлім ете алады!

Осы ғылыми зерттеудің негізінде, жоғарыда аталған Жер тұрғындарының 80%-дан астам өкілдеріне «бауырым» және «қарындас» деп тіл қатып, еркелете басынан сипауымызға болады. Ал, енді, қара тәнді африкалықтар мен афроамерикалықтарға, арабтарға, еврейлерге, ирандықтарға, пәкістандықтар мен үндістерге біз, тіптен, «аға» және «әпке» деп құрмет білдіріп, қос қолдап амандасып, дастарханның төріне жайғастыруға тиіспіз, осыны ұмытпаңыздар.

Сообщение Бешпармак. Инженер толғанысы. Алғысөз появились сначала на Eurasia24.

Бешпармак. Инженер толғанысы. Бешпармақ төңірегіндегі жаңсақ түсінік. Палауға түсініктеме
БЕШПАРМАҚ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ЖАҢСАҚ ТҮСІНІК

Осы баршамыз ұнататын тағамды ата-бабаларымыз қолмен жегендіктен де ол «бешпармақ» деп аталады… дегенді қазақтардың көпшілігі бала кезінен құлағына сіңіріп өскен.

Онымен қоймай, қазақтар ұлты басқа қонақтарының алдына бешпармақ қойып жатып, міндетті түрде оларға осы мағлұматты төл мәдениетіміздің қызықты дерегі ретінде айтады. Сосын ата-бабаларының ыстық тамақты жалаң қолмен жеген жабайылау әдеті үшін ақталғандай, іле-шала қонақтарына қолмен жеген әлдеқайда дәмдірек екенін түсіндіріп әлек болады!

Таңырқап қалған қонақтар буы бұрқыраған бешпармаққа қарап: «Қызық, сонда ыстық бешпармақты қолмен жегенде, неге дәмдірек болады екен – жалап-жұқтаған саусақтардың дәмінен бе әлде күйген терінің иісінен бе?” деп ойға қалады. Ойлап қана қоймай, осы сұрақты қазақтарға қойғанда, қазақтар сасып қалады. Тым әуесқой қонаққа бірден жауап бере алмай, қиналып, ақыры өзбектердің де өздерінің палауын қолмен жейтінін алға тартып, әңгімені дәстүрге сайдыра қояды.

Достар, осы жерде кідіріс жасап, сәл ой жүгіртіп көрейікші. Егер ата-бабаларымыз кезінде тамақты қалай жесе, соған қарай атаған болса, онда неге анық бес саусақпен ұстап жейтін шелпек, бауырсақ, құрт сияқты дәстүрлі тағамдар немесе «апорт» деген тосын атауға ие айналып кетейін алма бешпармақ деп аталмаған?!

Бешпармақты бес саусағымен көсіп алып, аузына апарған қазақтар, қуырдақ, сірне деп аталатын тап сондай қазақы тағамдарды да, бас қатырмай-ақ, бес саусағымен жеген шығар, сөйте тұра, ол тағамдардың өзіне тән қисынды атауы бар ғой?

Егер әлгі білмекке тым құмар мейман смартфонын дастарқанның астына тығып, интернет арқылы қазақ тілінің сөздігіне кірсе, “бармақ” дегеннің үлкен саусақ екенін, ал, қалғандарының мүлде басқаша, яки, «саусақ» деп аталатынын біліп таң қалар еді. Енді оның көкейінде «бір қолда бір ғана бармақ болса, бешпармақ жеуге арналған ол қайдан келген бес үлкен саусақ, яки, бес бармақ екен?» деген қисынды сұрақ туады, бірақ, онысына мардымды жауап ала алмайтынын, онымен қоймай, қонақжай үй иелерін ұялтып тынатынын сезіп, әдепті мейман ол сұрағын ешкімге қоймасы анық.

Алайда, ешкім де саусақтарының ыстыққа қаншалықты төзімді екенін тексергісі келмейді, сондықтан, қонақтар ғафу өтініп, ыстық майлы бешпармақты қасық-шанышқымен жейді, шынын айтқанда, аздап қысылса да, олардың бұл қалауына үй иелері де кәдімгідей қуанып, олар да қасық-шанышқымен жеуге кіріседі.

ПАЛАУҒА ТҮСІНІКТЕМЕ

Тегінде, қазақтардың «өзбектер де палауды қолмен жейді» дегенді сылтауратуы орынсыз, өйткені, палаудың жөні мүлдем бөлек. Енді осынау танымал тамаққа құрмет танытып, оған жеке көңіл бөлейік.

Палаудың қыр-сырын білетіндер оны ешқашан ыстықтай жемейді. Нағыз білгірлер қақпағы нығыз жабылған ыстық қазанда бұқтырылып, әбден тұншығып, сірескен палауды алдымен суытады. Аузы тығындалған шөлмекте тұншыққан бекзат құрғақ шарап кең бүйірлі графинге құйылғанда дәмі толайым ашылады ғой, бұнда да солай – үлкен жайпақ легенге жайылып түскен палау тынығып, ауадағы оттегіге қанығып, біртіндеп дәмі ашылған соң барып оны сүйсініп жейді.

Палауды қолмен жеу әдісі оның салқындаған сайын дәмі кіре түсетін таңғажайып қасиетіне орай туған. Бас сап ауыздарын күйдіріп алмас үшін, тәжірибелі өзбектер палаудың қаншалықты ыстық екенін тілмен емес, саусақтарын тигізіп, тексеріп көреді. Майлы саусақтарын сүртпей-ақ, қасық алып, сол саусақтарымен қасықтағы палаудың алғашқы бірер шымшымын ауызға салып, татып көреді. Осылай бірнеше рет қайталанады, ақыры палау салқындап, әбден бабына келіп, өзінің керемет дәмін бар бояумен толықтай ашады.

Бұл ретте мынаны түсіну керек. Жақсы палау сағаттап пісірілетіндіктен, оны тоса-тоса, кез-келген адамның шыдамы таусылады. Міне, сол себепті де, әбден піскен палаудың мұрынды жарған иісі мен керемет дәмін сезген сайын, қарны ашып, сабырдан айрылған өзбектер, саусақтарын жуып-сүртуге, тағатсыздана дірілдеген қолдардан түсе беретін қарғыс атқыр қасықтарды іздеуге уақыт құртқысы келмей, тамсана ыңыранып, шашыраңқы жылы палауға уысын толтырып, қомағайлана қарбыта бастайды.

Егер палау, шынымен, керемет дәмді болып піссе, табақ босамайынша, қасықты ешкім есіне де алмайды. Сондықтан, палаудың уыстап желінуі — қобалжып тұрған аспазға «айтылған» ең үлкен мадақ. Палаудың піскен-піспегенін ұстап көріп анықтау, оған қоса, қарны ашқан адамның палаудың иісі мен дәмінен тағатсызданып, піскенін күтуі мен оған қоса, әдемі палауы үшін аспазға алғыс жаудыру – осы үш мықты фактордың әсерімен палау ғасырлар бойы қолмен желініп келеді, әлі де желіне бермек.

Көріп отырғандарыңыздай, палаудың жайы түсінікті. Өздеріңіз де естеріңізге түсірсеңіздерші, палау дастарқанда неғұрлым ұзақ тұрып, суыса, соғұрлым дәмі кіре түседі ғой?! Ол, ол ма – палау, тіпті, тоңазытқышта тұрған соң да дәмді болады, өйткені, ол қатпайтын өсімдік майына пісіріледі, әу бастан ұйғырлардың тағамы болғандықтан, ішінде жиіркенішті қатып қалған майлы ет кесектері аз болады.

Бұрын диқандарда ет тапшы болған, сол себепті, бағасы удай қымбат ет ұйғырдың, кейіннен өзбектің ұлттық палауына сирек қосылған. Өзбектер палауды етсіз пісіргенде, тым болмаса, еттің иісі шығып тұруы үшін, құйрық май мен шабылған сүйектерді сұйық майға әбден қуыратын болған. Осы кедейліктің кесірінен жоқтан бар жасау амалының сырын түсінбейтіндер оны нағыз «өзбек» палауының өздері ғана білетін айрықша, көне құпиясы ретінде көрсетіп бағады.

Палау пісіргенде, міндетті түрде техникалық мақта майы, «Девзира» деп аталатын қоңыр күріш пен жемдік сарғыш сәбіз сияқты «таза өзбек» қоспаларын қолдану керек… деген сөз де – сол баяғы «өтірік өлең», ел аузында жүрген дақпырт қана; дәмі мен түрі жағынан бұл қоспалар сапасыздау болғандықтан, өзбектер қулыққа барып, палауға күн шуақты Өзбекстанда арзан тұратын кішміш, айва, қызыл тал, сарымсақ және хош иісті зира қосып, олқылықтың орнын толтырады.

Сондықтан, сізге «палаудың дәмін келтіретін – өзбек» десе, сенбеңіз! Шынтуайтында, жаркенттік ұйғыр пісіретін кәдімгі палау әлдеқайда дәмдірек, әлдеқайда әдемірек, өйткені, оның ішінде Өскеменнің сарғыш күнбағыс майы да, Павлодардың қызғылт қантты сәбізі де, Қарағандының бетегелі даласының тоқтысы да, Қазақстан дүкендерінің тұрақты «өкілі» – әлемдегі ең мықты күрішші-қытайлар бізге арнап өндірген мөлдір домалақ дәнді «Баракат» күріші де бар.

Сообщение Бешпармак. Инженер толғанысы. Бешпармақ төңірегіндегі жаңсақ түсінік. Палауға түсініктеме появились сначала на Eurasia24.

Бешпармак. Инженер толғанысы. Халықтың аспаздық өнері – тарих айнасы
Құрметті оқырман! Сіздер сияқты, мені де қазақ халқының өткені туралы жанға жағымды бір дүние білсем ғой деген ой-сезім жиі билейтін. Алайда, қомақты тарихи кітаптардың алғашқы беттерін оқығаннан-ақ, әлдебір көне халықтардың атаулары, құлаққа жат есімдер, бітпейтін көп соғыстар, жанжалдар, бақытсыз жағдайлар мен қайғылы оқиғалар тізбегінен, жазылған дүниенің шындығын дәйектеу үшін шетелдік жылнамаларға жасалған сілтемелердің көптігінен әлгі құлшынысым су сепкендей басылатын. Сол кітаптарға салсақ, біз, қымбатты қазақтар, кім екеніміз белгісіз, қайдан шыққанымыз белгісіз, адамзат үшін маңызды дәнеңе жасамаған сайда саны, құмда ізі жоқ біреу екенбіз. Ал, татарлар мен моңғолдардың жөні бөлек екен, өйткені, олар тарихта есуас қанаушы болып көрсетілсе де, есесіне, олардың бақандай бір құрлыққа барабар Империясы болған!

Ақыры, зая кеткен ақшамды аяп, мен со күйі оқылмаған қымбат кітаптарды достарымның туған күндеріне сыйлап, тарата бастадым; жай бермей, кітапқұмар, тарихтың білгірі сияқтанған маңызды сыңаймен ұсындым. Сөйтіп, көп ұзамай, біздің мерекелік дастарқан басындағы әңгімелеріміз ресейлік футболдан қазақтардың адамзат тарихындағы орны туралы көкейтесті мәселеге ойысқан бойда-ақ, қонақтардың сенімге толы жанарлары мен құйма құлақтары «ғылымның пікірін» білу үшін, маған бұрылатын болды.

Масқара боп, ұятқа қалмас үшін, мен жалма-жан аузымды тамаққа толтырып, міңгірлеп, «ғафу етіңдер, сөйлей алмаймын, балдай тәтті бешпармақтан бас ала алар емеспін» дегенді ишаралаған боп құтылатынмын. Достарым әдептен аспай, сұрақтарын доғарып, мені жайыма қалдыратын, бірақ, «өстіп жүріп, тарихты білмейтінім ашылып, бір күні әшкере болам-ау» деп қауіптене бергеннен бе, әйтеуір, осы екі ұғым «Тарих-Бешпармақ» болып астасып, миымда қалып қойды!

Дастарқан басындағы пікірталастар кезіндегі өзімді құтқарған қомағайлық мені қызық ойға жетеледі – осы неге біз, яки, ешқандай да тарихшы емес, генетик емес, тіл маманы емес қарапайым адамдар өткен тарих туралы ой толғау үшін, елдің бәрі білетін, көзге көрнекі әрі дәмді жәдігерлеріміз – сүйікті ұлттық тағамдарымызға жүгінбейміз? Әмбе, ұлттық тағамдарды зерттеп-зерделеу үшін, үйреншікті диванымыздан тұрып, тарихи мұражайға тыпыңдаудың қажеті жоқ, әрі-беріден соң, көне әрі төлтума туынды ретінде ұлттық тағамдар мұражай экспонаттарынан еш кем түспейді! Барлық халықтар өздерінің дәстүрлі тағамдарын жүздеген жылдар бойы жеп келеді, олардың рецептері миллиондаған адамдардың қолымен әбден жетілдірілген, ендеше ұлттық тағамдар жеке ұлт тарихын да, оның көршілерімен қарым-қатынасы тарихын да айна-қатесіз жаңғыртып бере алады ғой?

Мысалға бәріміз білетін палауды алайық, оны ежелгі түркі-ұйғырлар ойлап тапқан, ал, оған пайдаланатын күрішті ең жақын көршілері қытайлардан алған. Палау Ұлы Жібек Жолы керуендерімен Азиядан Еуропаға сапар шегіп, сол жақта таралып, испандықтардың паэльясына айналып кеткен. Құрамы, түрі мен атауы ұқсас палау мен паэлья түркі-ұйғырлар мен латын-испандарының өмірде шын болған, бірақ, академиялық ғылымда жазылмаған тарихи байланысын айқын көрсетеді.

Айтпақшы, әу баста ұйғырдың қолынан шыққан тағам болғаны үшін палау Сталиннің кәріне ұшырады, өйткені, пантюркизмнен өлердей қорыққан Сталин КСРО аумағында бостандықсүйгіш түркі-ұйғырларды еске салатын кез-келген деректі қатыгездікпен жойып отырған. Сөйтіп, ол Кеңес өкіметіне құлдық ұра бағынған өзбектерге «палауды ойлап тапқан халық» деген атақты таңып бере салды, сол үшін дайын дүниеге ие болып шыға келген өзбектер күні бүгінге дейін һәм өле-өлгенше Сталинге дән риза. Осы саясаттың нәтижесінде, «өзбек» дегенде, бұрынғы КСРО халықтарының ойына палау салынған ою-өрнекті ыдыс түседі, ал,  палауға көзі түскенде, бәрінің тілінің ұшында «өзбек» сөзі тұрады!

Баршамыз білетін лағман да осындай кепке ұшыраған: палау сияқты, түбі ұйғырдікі болғаны үшін, сталиндік қуғын-сүргінге ұшырап, ақыры КСРО аумағында Кеңес өкіметі үшін зиянсыз «дүнген кеспесіне» айналып шыға келді.

Көріп отырғанымыздай, Үлкен Саясат өзінің идеологиясына ыңғайлап, тарихи шежірелердің мәтіндерін, мектеп оқулықтары мен кинофильмдердің мазмұнын түзеп-күзегенімен қоймай, ұлттық тағамдарға да шімірікпестен араласып отырған! Демек, аяусыз өшіріліп, халықтан әдейі жасырылған үлкен тарихи процестердің іздері түркілердің аспаздық дәстүрінен да табылып қалуы мүмкін деп қауіптеніп, қатты қорыққан.

Сондықтан, менің топшылауымда, барша қазақтың сүйіп жейтін һәм аса қадірлейтін ұлттық тағамы, қазақы қонақжайлылықтың символы, дастарқанның Ұлы ханы, теңдессіз бешпармақтың бойында да терең тарихи мағлұмат тұнып тұр.

Ендеше бешпармақ тағамының тарихын қарастырып, оның қызық атауының – адамның «өзіміз» я «бөтен» екенін әп-сәтте айыра қоятын осы бір қазақтар үшін құдіретті сөздің шығу тарихын зерделеп, бұл тағамның пайда болуының артында қазақ халқына, оның көршілеріна қатысты дәуірлік оқиғалар тұрғанына көз жеткізейік.

Сообщение Бешпармак. Инженер толғанысы. Халықтың аспаздық өнері – тарих айнасы появились сначала на Eurasia24.