Источник данных о погоде: Алматы 30 күндік ауа райы

Бешпармак. Инженер толғанысы. Халықтың аспаздық өнері – тарих айнасы

|

|

Құрметті оқырман! Сіздер сияқты, мені де қазақ халқының өткені туралы жанға жағымды бір дүние білсем ғой деген ой-сезім жиі билейтін. Алайда, қомақты тарихи кітаптардың алғашқы беттерін оқығаннан-ақ, әлдебір көне халықтардың атаулары, құлаққа жат есімдер, бітпейтін көп соғыстар, жанжалдар, бақытсыз жағдайлар мен қайғылы оқиғалар тізбегінен, жазылған дүниенің шындығын дәйектеу үшін шетелдік жылнамаларға жасалған сілтемелердің көптігінен әлгі құлшынысым су сепкендей басылатын. Сол кітаптарға салсақ, біз, қымбатты қазақтар, кім екеніміз белгісіз, қайдан шыққанымыз белгісіз, адамзат үшін маңызды дәнеңе жасамаған сайда саны, құмда ізі жоқ біреу екенбіз. Ал, татарлар мен моңғолдардың жөні бөлек екен, өйткені, олар тарихта есуас қанаушы болып көрсетілсе де, есесіне, олардың бақандай бір құрлыққа барабар Империясы болған!

Ақыры, зая кеткен ақшамды аяп, мен со күйі оқылмаған қымбат кітаптарды достарымның туған күндеріне сыйлап, тарата бастадым; жай бермей, кітапқұмар, тарихтың білгірі сияқтанған маңызды сыңаймен ұсындым. Сөйтіп, көп ұзамай, біздің мерекелік дастарқан басындағы әңгімелеріміз ресейлік футболдан қазақтардың адамзат тарихындағы орны туралы көкейтесті мәселеге ойысқан бойда-ақ, қонақтардың сенімге толы жанарлары мен құйма құлақтары «ғылымның пікірін» білу үшін, маған бұрылатын болды.

Масқара боп, ұятқа қалмас үшін, мен жалма-жан аузымды тамаққа толтырып, міңгірлеп, «ғафу етіңдер, сөйлей алмаймын, балдай тәтті бешпармақтан бас ала алар емеспін» дегенді ишаралаған боп құтылатынмын. Достарым әдептен аспай, сұрақтарын доғарып, мені жайыма қалдыратын, бірақ, «өстіп жүріп, тарихты білмейтінім ашылып, бір күні әшкере болам-ау» деп қауіптене бергеннен бе, әйтеуір, осы екі ұғым «Тарих-Бешпармақ» болып астасып, миымда қалып қойды!

Дастарқан басындағы пікірталастар кезіндегі өзімді құтқарған қомағайлық мені қызық ойға жетеледі – осы неге біз, яки, ешқандай да тарихшы емес, генетик емес, тіл маманы емес қарапайым адамдар өткен тарих туралы ой толғау үшін, елдің бәрі білетін, көзге көрнекі әрі дәмді жәдігерлеріміз – сүйікті ұлттық тағамдарымызға жүгінбейміз? Әмбе, ұлттық тағамдарды зерттеп-зерделеу үшін, үйреншікті диванымыздан тұрып, тарихи мұражайға тыпыңдаудың қажеті жоқ, әрі-беріден соң, көне әрі төлтума туынды ретінде ұлттық тағамдар мұражай экспонаттарынан еш кем түспейді! Барлық халықтар өздерінің дәстүрлі тағамдарын жүздеген жылдар бойы жеп келеді, олардың рецептері миллиондаған адамдардың қолымен әбден жетілдірілген, ендеше ұлттық тағамдар жеке ұлт тарихын да, оның көршілерімен қарым-қатынасы тарихын да айна-қатесіз жаңғыртып бере алады ғой?

Мысалға бәріміз білетін палауды алайық, оны ежелгі түркі-ұйғырлар ойлап тапқан, ал, оған пайдаланатын күрішті ең жақын көршілері қытайлардан алған. Палау Ұлы Жібек Жолы керуендерімен Азиядан Еуропаға сапар шегіп, сол жақта таралып, испандықтардың паэльясына айналып кеткен. Құрамы, түрі мен атауы ұқсас палау мен паэлья түркі-ұйғырлар мен латын-испандарының өмірде шын болған, бірақ, академиялық ғылымда жазылмаған тарихи байланысын айқын көрсетеді.

Айтпақшы, әу баста ұйғырдың қолынан шыққан тағам болғаны үшін палау Сталиннің кәріне ұшырады, өйткені, пантюркизмнен өлердей қорыққан Сталин КСРО аумағында бостандықсүйгіш түркі-ұйғырларды еске салатын кез-келген деректі қатыгездікпен жойып отырған. Сөйтіп, ол Кеңес өкіметіне құлдық ұра бағынған өзбектерге «палауды ойлап тапқан халық» деген атақты таңып бере салды, сол үшін дайын дүниеге ие болып шыға келген өзбектер күні бүгінге дейін һәм өле-өлгенше Сталинге дән риза. Осы саясаттың нәтижесінде, «өзбек» дегенде, бұрынғы КСРО халықтарының ойына палау салынған ою-өрнекті ыдыс түседі, ал,  палауға көзі түскенде, бәрінің тілінің ұшында «өзбек» сөзі тұрады!

Баршамыз білетін лағман да осындай кепке ұшыраған: палау сияқты, түбі ұйғырдікі болғаны үшін, сталиндік қуғын-сүргінге ұшырап, ақыры КСРО аумағында Кеңес өкіметі үшін зиянсыз «дүнген кеспесіне» айналып шыға келді.

Көріп отырғанымыздай, Үлкен Саясат өзінің идеологиясына ыңғайлап, тарихи шежірелердің мәтіндерін, мектеп оқулықтары мен кинофильмдердің мазмұнын түзеп-күзегенімен қоймай, ұлттық тағамдарға да шімірікпестен араласып отырған! Демек, аяусыз өшіріліп, халықтан әдейі жасырылған үлкен тарихи процестердің іздері түркілердің аспаздық дәстүрінен да табылып қалуы мүмкін деп қауіптеніп, қатты қорыққан.

Сондықтан, менің топшылауымда, барша қазақтың сүйіп жейтін һәм аса қадірлейтін ұлттық тағамы, қазақы қонақжайлылықтың символы, дастарқанның Ұлы ханы, теңдессіз бешпармақтың бойында да терең тарихи мағлұмат тұнып тұр.

Ендеше бешпармақ тағамының тарихын қарастырып, оның қызық атауының – адамның «өзіміз» я «бөтен» екенін әп-сәтте айыра қоятын осы бір қазақтар үшін құдіретті сөздің шығу тарихын зерделеп, бұл тағамның пайда болуының артында қазақ халқына, оның көршілеріна қатысты дәуірлік оқиғалар тұрғанына көз жеткізейік.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Поделиться:

Читать далее:
Related

Вопрос Палестины — это не религиозный вопрос. Подкаст с Риа Абу Эль-Ассалем

В гостях подкаста «Поговорим» епископ Риа Абу Эль-Ассаль. В чем причины конфликта в Палестине? Почему палестинский конфликт не религиозный? Что нужно сделать для разрешения конфликта?

Мечеть Парижской богоматери…

Виндзорский замок – резиденция британских монархов, символ самой Британии, а затем Великобритании на протяжении уже более 900 лет. И уж если королевская чета, - символизирующая вся современную Англию и всю Британскую историю, принимает у себя в исторической резиденции, и сама участвует в столь важном для мусульман религиозном действии, значит это действие становится символической исторической вехой и для всей Англии.

Чем хуже, тем… быстрее

Самую главную угрозу для социально-экономической и политической стабильности в Казахстане представляет рост цен, это всем понятно. А более всего разгоняет цены тот самый конституционный орган, который отвечает за их стабильность – Национальный банк. Об этом мы уже сказали и в ответ вряд ли что услышим, - крыть нечем. И вообще, прогнозируя еще большую инфляцию в этом году (10-12 процентов) Национальный банк на себя пальцем не показывает. Дескать, цены растут благодаря повышению тарифов и вырастут еще больше после повышения НДС. Что есть чистая правда. С тем только добавлением, что главным организатором общей инфляции в Казахстане выступает все же сам Нацбанк. Повторим по пунктам: а) Устанавливая завышенную базовую ставку, Национальный банк заставляет производителей включать в цены завышенные затраты на пополнение оборотных средств, на кредитование торговых операций и на вложения в развитие. Это называется инфляция издержек; б) Не осуществляя даже минимального базового кредитования банков второго уровня, но являясь крупнейшим заемщиком у них, Национальный банк печатает для них гигантскую «доходность». Это называется эмиссионная инфляция; в) Проводя политику «плавающего» курса национальной валюты, с неуклонным скольжением вниз по доллару, Национальный банк осуществляет курсовую инфляцию.

Журавль в небе и синица в земле

То, что в наших недрах вся таблица Менделеева мы знаем еще со школы. То, что правительство активно предлагает приступить к разработке наших самых редких и самых полезных ископаемых, пока бесполезно лежащих в земле, зазывая в Казахстан всех, какие ни на есть иностранных инвесторов, это мы наблюдаем на протяжении всех последних лет.